top of page

"Құдайменді Көкмұрын батыр" мемориалының құрылысы

Бәріңіз білесіздер,СССР тарап ,бұрын бірге болған 15мемлекет жан жаққа тарап, әрқайсысы бөлек мемлекет болғанда, бұрынғы тығыз байланыстар үзіліп, халықтың жағдайы қиындыған кезде де, біздің Көкмұрын бабамыздан тараған аға буын өкілдері,ауызбіршіліктің жоғарғы деңгеиін көрсетіп, Қазақстанда бірінші болып, кәзіргі 14 бекетте орналасқан,  бабамызды ұлықтауға арналған ескерткіш кесенені тұрғызған болатын. Өздеріңіз білесіздер еркектер қазаншы,әйелдер базаршы болып ,жұмыс орындары тоқтап азаматтарымыз жұмыссыз қалған кезең еді.Ол кезде құрылыс жабдықтары,қаржының өзін ұйымдастырып жинақтау, қиын кезең болды.Соның өзінде ағаларымыз, көкелеріміз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ағайынның ауызбіршілігінің жоғарғы деңгейін көрсетіп, 1999жылы керемет кесене тұрғызылып,сол жылы мыңдаған ағайындар бүкіл Қазақстаннан жиналып, ашылу рәсімі өтіп бабамызға арнап ас берілді.Жаңа айтып өткендей,бүкіл ел үшін қиын кезеңде,жабдықтардың қат кезінде салынған кесенеміз ,қазіргі уақытта тозығы жетіп,темір қоршауларын тат басып, уақыт қалай болғанда да өз өрнегін салғаны көзге ұрып көрініп тұр.Осы мәселе бойынша 2024 жылы кәзіргі Көкмұрын бабамыздан тараған ұрпақтарының көшбасшысы, Көкмұрын баба қорының президенті Шалқар Аманкелдіұлы Жаңабергенов мырза, ағайындардың басын қосып, кесенені жаңа үлгіде жаңғыртуға ұсыныс айтты.Бұл бастаманы сол жердегі барлық бауырларымыз қолдады.Ел мақтанышы абыз ақсақалымыз, Тұрғанбай Маханов  көкеміз,әулеттің үлкені Қадір көкелеріміз де қолдап баталарын берді. Осылайша кәзіргі замануи үлгідегі құрылыс жұмысына дайындық басталып кетті.
Ең алдымен бұрынғы бес алты сотық жер телімі үлкейтіліп, 3 га жер телімі толықтай, кадастырлық базадан өткізіліп заңдастырылды. Бұл жер телімін заңдастыруда, бүкіл құжаттарды әр мекемеге апарып жүріп, біраз уақытын арнаған, Насырбек Аябекұлы бауырымызға, бүкіл ағайынның атынан алғысымызды білдіреміз.Осыдан кейін өздеріңіз көріп жүргендеріңіздей, біршама құрылыс жұмыстары іске асырылып жатыр. Мемориалдық кесенененің толықтай проектісі сызылып, жан жақты жұмсалатын қаржылық шығындары зерделеніп,құрылыс жұмыстары жүргізілді.Бұл іске мұрындық болып жүрген Шалқар Аманкелдіұлы Жаңабергенов бауырымыз отбасымен,осы Мемориалдық кешеннің басты нысанын өз қаражатымен атқарып келеді.Ал кіре берісі, яғни Арка маңызды нысанның бірі. Бұл   кіре беріс қақпаны  екі жағындағы 195 метр қоршауымен Орынбасар Абдуллаұлы Ербаев бауырымыз қолға алып,90% жұмысын, өз қаражатымен бітіріп шықты. Тағы бір нысан,шырақшының үйі,бір жағы жолаушыларға арналған намазхана құрылысын Әбілқасым Әбсұлтанұлы Баймырзаев бауырымыз өз қаражатымен толықтай бітіріп шықты. Бұл 3 га жер көлемі толықтай, керемет   қоршауымен жабылды,ішіне ағайындар сенбіліктер ұйымдастырып ағаш, гүл егу жұмыстары атқарылды.Әлі де абаттандыру жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр, басты нысанның айнала тұрғызылатын киіз үй пішінінде тұрғызылатын 8 қараша үй бітуге жақын.Бұл қараша үйлер де астына, бетон құйылып ,керемет үлгіде берік етіп орнатылған.
Бұл қараша үйлерді де өз бауырларымыз бөліп алып, көтертіп жатыр.

1. Шағыров Бауыржан Байарыстанұлы

2. Сәдібеков Серік Әбубәкірұлы, Сәдібеков Айбек Серікұлы

3. Спанов Жоламан Ақбарүлы

4. Әбдікәрімов Берік Серікұлы

5. Торғайлық ағайындар

6. Көкмұрынның қыздары

7. Нұрманов Саябек Жылқайдарұлы

8. Шәкиев Ерболат Серікбайұлы

Осы мемориалдық кешеннің салынуына атсалысып ,уақытын ,қаражатынын аямай жүгіріп жүрген барлық бауырларымызға алғыс айтамыз.Батыр бабамыздың туы әрқашан биікте болсын, ағайынның ауызбіршілігі мәңгі берік болсын бауырлар.

Эскизный проект_00001.jpg
Эскизный проект_00007.jpg
Эскизный проект_00009.jpg
Эскизный проект_00012.jpg
Эскизный проект_00013.jpg
Эскизный проект_00015.jpg
Эскизный проект_00021.jpg
Эскизный проект_00024.jpg
Эскизный проект_00026.jpg

Бізбен байланысыңыздар

Бізбен байланысыңыз

Сұрақтарыңыз немесе ұсыныстарыңыз болса, бізге хабарлама жіберіңіз. Сондай-ақ, электрондық поштамызға тікелей хат жолдай аласыз: of_qkb@mail.ru

120000, Қызылорда қаласы, Ақмаржан шағын ауданы, Жаппасбай батыр көшесі, 46

  • Facebook
  • Instagram
  • X
  • TikTok

 

© 2035 by www.kokmuryn-kypshak.kz. 

 

bottom of page