top of page

ҰЛЫ БАБАЛАР МЕКЕНІ
   ТОРҒАЙҒА САПАР


Торғай даласындағы туысқанға деген сағыныш,бауырға деген сағыныш,арнайы  әлемге белгілі жаhангер, ұлтын ,елін, жанындай жақсы көріп сүйетін,ел болашағын,ұрпақ болашағын ойлайтын,өз мүддесінен ғөрі туған қазақ халқының мұддесін жоғары төбесіне қоятын,қазақтың бағына туылған меценат ағамызСапар Ысқақтың шақыруымен, бауырлары, Сыр өңірінен ,,Құдайменді-Көкмұрын батыр баба" қоғамдық қорының президенті Шалқар Амангелдіұлы Жаңабергенов бауырымыз бастап,қосшы ағаларымыз, Арыстанбек, Ақылбек,Мейрамбек,Садық,Базарбек,Шайхыслам,Насырбек,інілеріміз Абілакім,Бауыржан,Ержан,Ғалымхан,Өмірсерік,Ернар қоштап, бауырларының жанына жалау болып жүрген ,,Көкмұрынның" ер мінезді батыр қызы Марияш апамыз,сексенді алқымдасада ,,көкмұрын" десе жанын беретін,қыз кезінде ,,Адай" болып, көкмұрынның шаңырағына келіп, ,,адайлығын" ұмытқан, өзінен кейінгі келіндерге үлгі болған, ақ жеңешеміз,ақылшымыз Назира жеңгеміз, болса ,,көкмұрындарда" болсын,деп жүрген көкмұрындардың мерейлі,үлгілі келіндері Қалжан,Гүлзейнет,Нәзипалар бес жеңіл көлікке жайғасып, Қызылордадан таңғы сағат,06-00-де Жезқезған-Ұлытау- Арқалық-Амангелді бағытына қарай Торғай даласын бетке алып,үлкендеріміз бата беріп ,күре жолға шықтық.
Қызылордамен Жезқазғанның арасы 420км.екен.Күре жолдың 220км. Қызылорда жағы жаңа жол пайдалануға беріліпті.Арасында 7-8км.гравиний жол қалып кетіпті.Ал қалған Жезқазғанға қарай жолды салу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр екен.Жанындағы айналма гравиленген,грейдермен тегістеп,су сеуіп қойған жолмен жүріп отырдық. Қалыпты жүріспен біз сағат 14-30-да Жезқазған қаласында болдық.Сол жерде көліктерімізге жанар май құйып алып,әрі қарай Жезқазған-Ұлытау бағыты бойынша жолға шықтық. Ара қашықтық 135 км.екен.Жолай ,,күміс бұлақ" деген жерде аялдама жасап,әрқайысымыз жолға алып шыққан ас ауқатымызды дастарханды жайып жіберіп, орталай тамақтануға кірістік.АС мәзірінде тамақтың неше түрі жал жая,қазы қарта,киіктің етінен жасалған қуырдақ, тауық еті,қойдың құйрығы,еті, жұмыртқа,құрғауылдың еті,таба нан,бауырсақ,шелпек,бөлішке,кондитерлік тәттілер.Сусындар,термостегі шай,қатық,сүт,құрт бәрі,бәрі бар.Қандай керемет, таза ауада,мөлдір бұлақтың басында,әзіл әңгіме,көңілді күлкімен ішіп жеген тамағың бойға сіңімді болады десеңізші?!
Ұлытауға сағат 16-30-да келдік.Жол жақсы асфальт екен.
Ұлытау-Арқалыққа дейін арасы 205 км.екен. Ұлытаудан 25 км шыққанша жол асфальт екен.Әрі қарай жаңа  жолды енді бастап ,жасап ,жатыр.Ара арасында біткен жолмен жүрдік.Кедергілері жолдың өте көп екен.Қараңғыда қиындықтар тудырды.Арқалық қаласына сағат түнгі 22-00-де жеттік.
Келесі соңғы нақты баратын жеріміз Амангелді кенті Арқалықтан 145 шақырым жер.Жол асфальт екен.Үлкендеріміз ағаларымыз Арыстанбек,Ақылбек,ініміз Өмірсеріктер Арқалықта таныс туыстарының үйінде қонуға қалып қойды. Қалғандарымыз Сағ.11-20-да Амангелді елді мекенінің қақпасынан бізді бауырларымыз,Даукен,Нүркен,Таңат күтіп алып,Нүркен бауырымыздың үйіне алып барды.Жуынып шайынып алып,жасап қойған мол дастархан басына жайғасып,әбден сүт құйған қою шайға қанып,артынан ағаш астауға салынған үйеме табақ етпен,арнайы сойылған қойдың басы тартылды. Семіз малдың етін жеп, қымызбен қоса ұрттап,тоя жедік.Шаңырақтың,дастархандағы дәмнің батасын беріп,тағыда шай ішіп болған соң,біздің 5-6 жігіттерді Таңат бауырымыз үйіне қондыруға алып кетті.Қалғандарымыз сол Нүркеннің үйінде қондық. Таңертең таңғы асымызды,шайімізді ішіп болған соң,сағ 09-30-да,Сапар ағамыздың ,,көпсалалы туристік комплексіне" барып,сол күні 1968жылы туылғандар, Нүркен ініміздің құрдастары 300 түп декоративті көшеттер алып келіп,егіп жатыр екен.Бізге де,ұсыныс жасап, көшет ектірді.Сыр елінен барған бауырлар арнай белгіленген орынға көшет отырғыздық.
Содан соң өзімізше аралап жүр едік,Сапар ағамыз арнайы келіп,салынған ғимараттардың әр қайысына тарихи түсініктеме беріп,ондағы қазақ халқына,ұрпақтарына тигізетін пайдасын,алдағы жоспарларымен мақсаттарын және үлкен ауқымды жұмыстарды жүргізу барысында көптеген билік тарапынан түсінбеушіліктермен кедергілер болғанын қинала айтты.Ағамызбен екі сағаттан астам аралап,әбден мән жайға қанықтық,керемет рухани ләззат алдық.Келешек ұрпақтарымызды патриоттық рухта тәрбиелеуге үлкен әсері болатыны белгілі.Әлемнің жеті кереметінің көшірмелерін осы жерде орналастырған.Суреттен көріп жатқан шығарсыздар.Жіберілген видео роликтерде ағамыздың бізге айтқан әңгімелері түсірілген Алдағы уақытта жазбаға да,қағаз бетіне түсіреміз.
Түскі сағ.12-00-де сол ,,Торғай тәжі" туристік кешенінде ,,АЛГАМБРА" мейрамханасында Нүркен бауырымыздың көшет егуді ұйымдастырған құрдастары түскі ас берді.Аста Сапар ағамыз бүгінгі көшет егуді ұйымдастырған,туған жерін гүлдендіруге ат салысып,қолдау жасап жатқан жерлестеріне үлкен рақметін айтты.Біздің арамыздан Шалқар бауырымыз сөйлеп,осындай туған жерінің атын шығаруға,қанша өз қаражатын жұмсап жатқан Сапар ағамызға тоқталып,қолдап жатқан ағайынларға рақметін жеткізді.
Астан соң біздерді арнайы мектеп интернатының жатақанасына орналастырды. Екі қабатты жатақана тап таза,ыстық, суық суы,арнайы душы бар. Екі,үш орынды бөлмелер екен.Бізден барған жігіттер сол жатақанаға орналастық.
Кешкiлiк сағ.19-00-деАманкелді орталық мешітінің асханасында жиналған қонақтарға Сапар ағамыздың баласы қонақасы ұйымдастырды.Қонақ асында арнайы іс шараға шақырылған қонақтар Алматыдан,Астанадан,Қостанайдан,Жезқазғаннан,Павлодардан,Ақтөбеден,Қызылордадан
болды.
Қонақасын аудан әкімінің орынбасары  Төлегенов Сахан Оңжанұлы жүргізіп, алғы сөзіне жалпы аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып,жеке қаражат құйып үлкен туристік кешен жұмыстарын жасап жатқан Ысқақов Сапар ағамызға аудан халқының атынан алғысын жеткізді.Содан соң сөз ауданның зиялы ақсақалы Дауылбаев Есім ағамызға берілді.Ол кісі ауданның дамуына,болашағына үлкен үлесін тигізіп жатқан Сапар ағамызға,бүгінгі беріп жатқан қайыр садақасын,бабалар рухына оқытып жатқан құрандарын Алла тағала қабыл етсін,деп тіледі.
Алматыдан келген ,,Сағадат Нұрмағанбетов" атындағы қордың төрағасы біздің жерлесіміз Махмут Ыбырайханұлы Нәлібаев сөйлеп,туған жерінің өсіп өркнндеуіне үлес қосып жатқан Сапар Ысқақов ағамызға зор денсаулық,жұмыстарына сәттілік тіледі.Ағамыздың жақын досы опера әншісі, абай танушы, қазақстанның халық әртісі,ұстаз Абилев Шахмардан Хайдарұлы сүбелі Абайдың қара сөздерінен әңгіме айтып берді.Жазушы-драмутург,көсемсөзші-жорналшы Ақылбек Шаяхмет ағмыз батыр би,шешен бабаларымыздың ұлағатты көсемсөздерінен үзінділер айтып,ұрпақтарға тәрбиелік мәні бар әңгімелерді нашына келтіре айтып берді.
,,Құдайменді-Көкмұрын батыр" қоғамдық қорының президенті Шалқар Амангелді ұлы сөйлеп, арнайы Қызылордадан келген бауырларының атынан ат мінгізіп,шапан жапты. Марияш апамыз арнайы тілек айтып,ағамыздың жанында жплауы болып жүрген жары жеңгемізге қолына таза күмістен сақина салды.Бұрын мәдениет министрі болған,қазыр ,,ТУРКСОЙ" генералный хатшысы ,меценат ағамыздың досв Дүйсен Касейновтың  йығына шапан жапты.
Амангелді ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейдағалиев ағамыз асқа уақыт бөліп арнайы келген қонақтарға рақметір айтып,Сапар ағамыздың атқарып жатқан үлкен жұмыстарына сәттілік тіледі.Арасында Сапар ағамыз ойына түскен қызықты әңгімелерімен бөлісіп,бүгінгі келген қонақтарға шексіз алғысын жеткізді.
Ас соңында Есім ағамыз дастарханның батасын берді.Ауданның бас имамы аруақтар рухына құран бағытады.Қабыл болсын деп,бет сипап тарастық.Арнайы жайғастырған жатын орынға келіп жайғастық.
5 қазан күні таңертең сағат 09-00-де туристік кешендегі ,,Алгамбра" мейрамханадан таңғы ас берілді.
Содан соң қонақтарды ауданның мәдени мұра кешендерімен таныстырды.Бірінші аудан орталығындағы Амангелді Иманов атамыздың қабірінің басына барып,құран бағыштап,естелікке суретке түстік. Әулие бабалар жатқан қорымға бардық.Ол жерде ауданның бас имамы қарсы алып,марқұм әулие бабалардың өмір тарихымен таныстырды.Ағамыз әңгімеге қосылып,өзінің ертеректе Арқалықта қызметте жүргендн әулие баблардың кесенелеріне рестоврация жасап жағғыртқандарын еске алды.Өткен әулилерді еске алып,артынан құран бағыштады.

Қызылорда - Жезқазған жолында

2b6b9f5f-7827-46ad-9025-dbfcb2a87eec.jpeg
8f34795c-7376-4aee-8577-25c25e5d5b5f.jpeg

Аманкелді ауылында Нұркен бауырымыздың үйінде

5b621719-68b1-4ae6-b73b-4c62479ab995.jpeg
76553332-87f0-4e7d-9939-38f71e37cc6c.jpeg
ad9f0334-4d5e-4916-9f07-4178535a2c3b.jpeg
f8ac0d42-8f85-41ad-b471-2cb9c9a859ce.jpeg

Содан соң аудан орталығынлағы ,,тарихи өлкетану" музейіне келдік.Музей екі қабатты ғимарат екен.Аудан әкімінің орынбасары Сахан бауырымыз қонақтарды музейде орналастырған экспонаттарды, Торғай даласында ресей патшасына қарсы шыққан Амангелді Иманов бастаған көтерілісшілерінің соғыс даласындағы макеттегі көрінісі,олардың қару жарақтары, ұстаханалары кәдімгідей сол кезді көз алдыңа алып келгенлей.Музейде үш мыңнан астам экспонаттар қойлған екен.
Сағ.12-00-де ,,Taj Torqai"туристік кешеніндегі  ,,Алгамбра" мейрамханасына арнайы ата бабалар рухына беріліп жатқан Ас дастарханына келдік.Аста екі жүзге тарта жан жақтан келген қонақтар қатысты.Асты Амангелді ауданы әкімі Қанат бауырымыз сөз сөйлеп ашып берді. 
Сапар ағамыз бүгінгі астың мәні,не үшін,кімдердің рухына беріліп жатқанын және  ,,Ұлы даланың-Ұлы тұлғалары"жады қабырғасының әлемдік рекордтар кітабіне тіркеліп,арнайы сертификат берілгенін айтты.Сол үшін бүгінгі дастарқан әрі ас құдайы,әрі қуанышты той екенін жеткізді.
Ас-тойды бастап,ауылшаруашылық саласының ардагері, зиялы ақсақал, Сапар ағамыздың жездесі 89 жастағы Кәрбозов Кәкімжан ағамызға берілді. Кәкімжан ағамыз кезінде Торғай даласының төрт түлік малға толып, жайқалып өскен бидайға толғанын,кейін тоқыраудың кезінде бәрінен айырылып,ауылдан ел жан жаққа көшіп,Торғай облысы жабылып,Арқалықтағы көп қабатты үйлер қаңырап қалғанын айтты.Міне Сапар келіп торғайға жан бітіріп жатқанын,үлкен тәрліктің бастамашысы болып жатқанын,келешекте Торғай облысы қайта ашылатынын,өңірде мұнай қорының үлкен көлемі табылып жатқанын жеткізді.
Одан соң ағамыздың Астанадан,Алматыдан,Павлодардан келген достары сөйледі.Балуан шолақ атамыздың немересі,шөбересіне сөз берілді.
Сыр өңірінен келген қыпшақ Кеншім-Пірім-Қарасары руның басшысы Жалғас бауырымыз      Көзей аталығының басшысы Ілесбек,Мұхтар ағамыз,Шиелідегі қыпшақтар атынан Маған сөз берілді.Сөз сөйлеген бауырларымыздың бәрі де,Сапар ағамыздың жасалып жатқан ауқымды жұмыстарына сәттілік,өзіне зор денсаулық тіледі.
Ауданның бас имамы аруақтарға бағыштап құран оқыды.Ас үш сағатқа созылды.Арасында концерттік программалар қойылып,әншілер әннен шашу шашты.Келген қонақтар жоғары көңіл күймен тарасты.
Біздер алдын ала қонаққа шақырған аудан орталығынан 18шақырым жерде ,,Байғабыл" ауылында тұратын Таңат бауырымвздың үйіне қарай көлік басын бұрдық.
Бір көліктегі Арыстанбек,Ақылбек ағаларымыз рульдегі Өмірсерік ініміз Шалқардан рұхсат сұрап елге қарай Торғай-Ырғыз бағытына қарай жолға шықты.Келесі екінші көліктегі Марияш арамыз,Мейра бек,Ержан,Ернар бауырларымыз оларда рұқсат сұрап,Торғай елді мекенінде қорымда жатқан бабаларының басына дұға жасап қайтуға аттанды.
Қалған үш көліктегі бауырлар; Шалхар,Садық,Базарбек,Шайхыслам,Насырбек,Бауыржан,Абіләкім,Ғалымхан, бауырларымыз,Назира,Қалжан,Гүлзейнет,Назипа жеңше келіндеріміз Таңат бауырымыздың үйіне тоқтадық.Дайындап қойған дастархан екі жердегі дөңгелек столға жайғасып,қою күрең шайды қанғанымызша іштік.Дастаохан басында бізбен бірге сол елдің тумасы Астанадан келген атақты суретші,кешендегі ,,бесік" компазиция монументінің авторы Боз бауырымыз,Нүркен келіншегі Дәмежан келін,Таңаттың досы ,,Қаз" қыпшақ Бақытбек келіншегімен және Таңатпен Дариға келін,ұлы Ержан келіншегімен бізге аяқтарынан тік тұрып қызмет жасады.Алла разы болсын.Барған қонақтардың барлығы кезек,кезегімен Таңатпен Дариғаның отбасына,бала шағаларына тілектер айтып,дастархандарына байлық,шаңырақтарына құт береке тілеп,сый құрмет ықыластарына рахметін айтып,туыстық бауырмалдығымыздың арта беруін баса айтып отырдық.Келелі сүбелі әңгімелер,арасында әзілді,күлкүлі ойынды сөздер де,айтылып,көңілді отырыс,дәмді сыбағалы арнайы сойылған малдың басын,етін жеп болып,ұйқы қамына кірісіп төсек салынды.Нүркен,Бақытбек,Боз бауырымыз түнде бізбен қош айтысып Амангелді кентіне үйлеріне қайтты.
06 қазан күні таңертең ерте сағ.05-те тұрып,таңғы дайын шайды,нанмен сары май,каша ботқаны жеп,тағыда Таңат бауырымыздың отбасына рахметімізді айтып,сағ 06-00-де Торғай-Ырғыз бағытына қарай аттың басын бұрып, үш көлік жолаушы жолға шықтық. Амангелді кентімен Торғайдың(Әліби Жангелдин аудан орталығы) арасы 150км  асфальт жол екен.Торғайдан жанар май құйып, Тоғайдың кіре беріс қақпасынанНазира жеңгеміздің ұсынысымен суретке түсіп алып,әрі қарай жолға түстік.Торғайдың ішімен жүріп, Ақшығанаққа баратын жолға түстік. Асфальт емес, тас төселген жол. 14,5 км жүргеннен кейін, Шеген деген ауылға жетпей оңға бұрылдық. Сол жол бізді Ақшығанақ ауылына дейін апарды. Торғайдан 71,2 км. Онда бізді мотоциклмен Қуаныш деген жігіт күтіп алды.Таңат бауырымыздың досы.Таңат звандап айтып қойған алдын ала. Ол кісі күтіп алып, ауылдың екінші шетіне апарып, әрі қара жол көрсетті. Осы жол сендерді Мамырға қалай болсада апарады деді, анау үш терек оң жақтарыңда қалады деді. Мамырға дейін 60 км деді.Аржағында Ырғызға дейін 90 км деген. Біз адасып Нұраға бардық. Онда бір жігіттер Ырғызға баратын жолды көрсетіп, Ырғызға дейін 75 км деді, бірақ менің есебім бойынша 85 км шықты.Сонымен, Торғайдан Ақшығанаққа дейін 71-73 шақырым гравий жол. Мамырға дейін 60 шақырым қара жол. Ырғызға дейін 90 км қиыршық тас төселген,грейдермен тегістелген.Асфальт жол төсеуге дайындық жұмыстары жүріп жатыр.Ырғыздан-Батыс Европа үлкен жолға дейін 25 шақырым асфальт жолмен үлкен трассаға шықтық.Сол жердегі май құю бекетінен жанар май құйып, Қызылорда бағытына қарай көліктің басын бұрдық Барлығы Торғайдан Ырғызға-Батыс-Европопаға дейін 250км.Осы екі ортаға жеті жарым сағат тоқтамай жүрдік.
Ырғызбен-Аралдың арасы 205 км екен.
Біз жолай Шалхар бауырымыздың айтуымен ,,Сексеуіл" кентінде тұратын,жақында марқұм болған Зиғаладдин ағамыздың қызы Шараның үйіне барып,дұға жасап,отбасына,бауырларына көңіл қошымызды білдіріп шығуға бет бұрдық. 
Сексеуіл кентінен марқұм Шара қарындасымыздың үлкен ұлы күтіп алып,үйіне апарды.Үйге кіріп,дұға жасап,көңі қошымызды білдірдік.Дайын дастарханнан дәм татып,сыбағалы ет жеп,бауырлар Нұрлан,Бақыттар,күйеу бала Мейрамбай,құдашалар рахметін айтып,қуанып ризашылығын білдірді.
Біздерде марқұм болып кеткен Зиғаладдин ағамызды,жеңгемізді еске алып,ол кісілердің айтқан әңгімелерін еске алдық. Дастарханның үлкендер батасын беріп,дұға,бата жасап,қайыр қош айтысып,жолға аттандық. Үлкен жолдан Сексеуілге дейін 37 шақырым екен. Сексеуілден кешкі сағат 18-45 шығып,тоқтам ай түнгі сағат 01-30-да Қызылорда қаласының шетіне өттік. Қаладағылар асығып үйлеріне қарай аттың бас ын бұрды.
Абіләкім інімнің көлігіндегі біздер жолай майымызды құйып алып, Шиеліге ауылға қарай жолға шықтық. Түнгі сағат 03-25-те 7қазанның таңында үйге,ат көлік аман есен жеттік.
Құрметті бауырлар!
Осы сапарда бірге болған баршаңызға үлкен ризашылығымды білдіремін!
Осы сапарымыз туралы естелік жазуға ұсыныс берген ,,Құдайменді-Көкмұрын батыр" баба қоғамдық қорының президенті Шалхар бауырымыз рақмет.
Сапарлық естелікті жазуға тіл көмек,қосымша хабар берген;Көкшетаудан келген- Даукен бауырымызға,Астанадан келген-Боз бауырымызға, Қызылордадан келген жол бастаушымыз- Ғалымхан бауырымызға алғысым шексіз.
Бұл сапардағы жазу мақсатым,сәті түспей, бара алмай қалған бауырларымызды жаңалықтармен хабардар ету.
Көлік жолының жағдайымен таныстырып,мағлұмат беру.
Сапар Ысқақ ағамыздың елге үлкен пайдасы бар,орасан зор жұмыстарынан сәлде болса хабардар ету.
Ол жақтағы бауырлардың бізге,бауырларға деген ықылас сүйіспеншілігін жеткізу.
Торғай өлкесінің болашақта 
,еліміздің экономикалық,әлеуметті дамыған үлкен облыстарының бірі болатынына көз жеткізу.
Құрметті бауырлар,осы қол жазбамда кеткен қателіктер болса,алдын ала кешірім өтінемі. Жазылмай қалған,менің есіме түспей қалған,көріністермен эпизодттар болса,жазбаша қалдырыңыздар.Тағыда жазбаны қосымша өңдеп кіргіземіз.

 

Мен журналист емеспін-құрлысшымын! Тәркілеп сапардағы ойларын жазған
НАСЫРБЕК АЯБЕКҰЛЫ МЫРЗАБЕК НЕМЕРЕСІ,АҚЖІГІТ ТЕГІ

53885a6a-5d39-404d-b6a8-6395389c22ed.jpeg

Байғабыл ауылында Танат бауырымыздың үйінде

0f32c9e8-7874-4fc9-b17c-f53c7978cad9.jpeg
c9f8551f-a131-4b49-b663-4e1d8d29b601.jpeg
bec41864-cdda-45b8-8d35-f18ee6004200.jpeg
9816e4fb-c17a-4e79-b92a-e87d910c84b0.jpeg
e13f7aa5-467f-4a74-885a-905571a2b39c (1).jpeg

"Торғай тәжі" көпсалалы туристік кешені

f227ce28-06c7-4719-a6e7-d4d8f2ad9647.jpeg
4d9c9a2c-48e9-46ae-8afb-4cdb6ce1c599.jpeg
96bf8b14-8001-4a9b-9203-1ff43257d207.jpeg
15840bdd-4df9-4a44-add8-cb8cb23d3caa.jpeg
5291db2a-4331-478d-88a0-b3cf5a230ee9.jpeg
ddf17ea7-4ce5-431f-ae80-49f0e7802083.jpeg
926c5d44-d41a-4ac8-bf5e-dc840cf22dac.jpeg
c7aabb61-50ff-4fac-a78e-8a7f6a19bf9d.jpeg
642f3441-46b4-4a60-a2ce-7652d4679eea.jpeg
72811a94-e780-4521-a89e-b6f22b45e992.jpeg
c26f93e6-197f-4363-a7d4-6978a1641552.jpeg
5add1ecc-8ef4-4112-861c-6688c197a979.jpeg

"Торғай тәжі" кешеңінде ағаш егу

000c3df0-73bc-4b34-bd9b-7007853a9e1f (1).jpeg
6d67f65e-3781-47a3-b59b-a057da716d85.jpeg
066dfba7-5eb5-49f2-ba2b-1d17ac98f2ee.jpeg
02f2a902-8d84-46ab-a0a5-8a94502a752f (1).jpeg
ae0366bc-796b-480e-895a-70244e2a8cd0.jpeg
bfc8c2f6-d9a0-41ca-aa1c-2437ff0b6141.jpeg
b4d5f57c-3383-458e-9094-761c5fa728ab.jpeg
f1f9afc7-fe74-457b-8bf7-851e181b81d7.jpeg
c12bf251-64c3-4261-9f2a-43ecc689a5f0.jpeg
a558d7b8-d996-4c8b-b76e-3113813a20be.jpeg
978451a4-351c-4fe5-ab6b-d1bd38593559.jpeg
95bd76e0-3647-4499-8268-0145f0d6efb2.jpeg

Мәдени мұра

def1f556-0def-430d-bd64-88f84793ed0c.jpeg
5c0de095-adec-49ae-8e67-06944bf6b002.jpeg
8eaa8cc3-5dcd-47f4-9474-819ae6c94476.jpeg
54621286-0fa9-45dd-ad50-3af945849841.jpeg
b56e747b-7426-45bc-831e-4a992686e9bd.jpeg
0b84a644-1cd6-4b9e-af66-971c44bbd263.jpeg

Файзолла достым, аса қымбатты,
Мұң менен азап жаныма батты.
Өтпелі дәуір – өкініш уы…
Асау өзендей толқыны қатты…

Ахмет Байтұрсынұлының соңғы хатынан 

0949aeb2-4714-458b-bd47-4e789dccf140.jpeg
20a61b43-0986-4bb3-98b0-c4d7f96a1ce5.jpeg
f915447d-4f76-4c04-99b5-f0a7399d3bc4.jpeg
d51ec885-087f-4366-9465-eb636eefb66e.jpeg

Түркі әлемінің озық ойшыл ақыны, ҚР Еңбек Ері Мұхтар Шаханов Сыр өңіріне арнайы сапармен келді


2025 ж. 17 сәуір күні

 

Қызылорда қаласына Қазақтың алып тарлан ақыны, түркі тілдес әлем халықтарының озық ойшыл ақыны(ЮНЕСК берген атағы)  ,,Қазақстанның Еңбек Ері" МҰХТАР ШАХАНОВ келді.
Облыс әкімнің орынбасары және Мұқтар ағаның рулас рухта
с бауырлары  ,,Қорқыт Ата" аэропортынан шашу шашып,  ,,Сыр елі" әнімен әндетіп қарсы алды.
Түсте ағамыздың рухтас сыйлас белгілі кәсіпкер Шалхар Жаңабергенов өз отбасынан ақ дастархан жайып сыбағалы ас берді.
Кешкі сағ 18-00де,облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы ақын Мұхтар Шаханов ағамызды қабылдап,жылы лебіздерін білдіріп, иығына бағалы құндыз жағалы шапан жауып, естелікке бағалы сыйлықтар беріп, суретке түсті.
Кешкі сағ 19-00 де облыстық  ,,Нартай Бекежанов" атындағы драм театрда  М.Шаханов ағамыздың ,,Танакөз" поэмасының негізінде  Астана қаласының  ,,Әзербайжан Мамбетов " атындағы жастар драма театрының әртістері спектакль қойды. Спектакль басталар алдында белгілі компазитор жерлес туысымыз, ағамыздың рухтас інісі  Мейрвмбай Бектасовтың өз орындауында М.Шаханов ағамызға арнап шығарған   ,,Мұқтар аға" әнін орындады.Сол кезде М.Шаханов ағамыз сахнаға шығып рақметін айтып, елге батасын берді.Көрермендер ағамыз сахнаға мініп түсіп орнына жайғасқанша түрегеп тұрып қол шапалақтап залды жаңғыртып жіберді.Не деген құрмет,ықылас десеңізші?! Сондай елдің ықыласын көргенде өзіңнен өзің толқып,жанарыңа жас келеді екен. Спектакль өте тартымды көркем сюжеттелген,актёрлердің ролдерді шебер сомдап, көрермендерді баурап алды. Әр эпизодтарда көрермендердің ықыласы дүркіреген қол шапалақтауымен шығарып салып отырды. Спектакль біткен кезде актёрлердің сахнаға қоштасуға шыққан кездегі елдің ықыласын жеткізу мүмкін емес. Керемет рухани демалыс болды. 
Спектакль біткен соң  М.Шаханов ағамыздың құрметіне  ,,Сұлтан плазма" мейрамханасында рухтас,рулас бауырлары жүз елу кісіге кешкі ас беріліп, Ағамыздың ел аузында айтылып жүрген әндері орындалып, өлеңдері жатқа оқылды. Менде ағамыздың ,,Төрт ана" және  ,,Әйел" өлеңдерін жатқа айтып бердім.Ағамызға облысымыздың зиялы ақсақалы, Мұхтар ағамызбен сексенінші жылдары Верховный Советке бірге екі рет шақырылымда депутат болған рухтас ағамыз  Тұрғанбай Маханов өз жеке қаражатынан шапан жауып ат мінгізді. Кәсіпкер рухтас інісі бауырлар атынан ат мінгізіп,Жеңгеміздің қолына бағалы сақина салды. Ағамыз жоғары көңіл күймен қош айтысып тарасты.
Гастролдік сапарлары;, 27 сәуір Қызылорда қаласында, 18 сәуір Түркістан қаласында,19 сәуір Шымкент қаласында,20 сәуір Тараз қаласында жалғасады.
Мұқтар  ағамызбен болған жаңалықтарымды Сіздермен бөліскенді жөн көрдім.

 

Насырбек Аябекұлы.

499105be-905e-44e7-ae13-c549ac8364ac.jpeg
e22f88a2-ab1c-4f31-812b-7bf01477dd8e.jpeg

Бізбен байланысыңыздар

Бізбен байланысыңыз

Сұрақтарыңыз немесе ұсыныстарыңыз болса, бізге хабарлама жіберіңіз. Сондай-ақ, электрондық поштамызға тікелей хат жолдай аласыз: of_qkb@mail.ru

120000, Қызылорда қаласы, Ақмаржан шағын ауданы, Жаппасбай батыр көшесі, 46

  • Facebook
  • Instagram
  • X
  • TikTok

 

© 2035 by www.kokmuryn-kypshak.kz. 

 

bottom of page