top of page

,,Құдайменді Көкмұрын,,қоғамдық қоры құрылып, біршама жылдан бері, жақсы жұмыстар атқарып келеді.Бауырлардың ауызбіршілігін нығайтуға,жастарымызға үлгі боларлық іс шаралар ұйымдастырып, жағдайы төмен отбасыларына қайырымдылық көмек жасап,науқасы ауыр әсіресе қымбат ота жасауды қажет ететін кісілерге,шетелге емделуге шығатын кісілерге көмек қолын созып келеді.Осы мақсаттарға жұмсалатын қаржы,әр мен Көкмұрынмын деген бауырларымызға айына 1000теңге яғни жылында 12000теңге жарнапұл салуға міндеттейді .Бұл жарна әрине ерікті түрде салынады.

 

2024-2025 жылдары ораза айының кезінде біраз ағайын пітір-садақаны қор есебіне аударған. Пітір-садақадан жиналған ақшаға құрбан-айтта Шиелі, Балаби, Қызылордада тұратын жағдайы төмен 2024 жылы 44 жанұяға, 2025 жылы 45 жанұяға азық-түлікпен көмек көрсетілді және ол азық-түлікке қоса қор жұмысына белсенді қатысып жүрген азаматтар бөлек ақша жинап, мал (ірі қара) шалып, еті сол жанұяларға таратылды. 

Мұқтаж отбасыларына көмек көрсетуден басқа да шаралар мен жобалар жүргізілуде. Мысалы, 2024 жылы елеіміздің солтүстік өңірлерінде тасқыннан зардап шеккен отандастарымызға, бауырламызға көмек жіберілді.

 

Қорымыздың тағы бір бастаған үлкен жобасы "Құдайменді Көкмұрын батыр" мемориалын құрылысы. Бұл құрылыстың негізгі жұмыстарын мойынына алып жүргізіп жатқан Жаңабергенов Шалқар Аманкелдіұлы, Баймырзаев Әбілқасым Әбсұлтанұлы, Ербаев Орынбасар Абдуллаұлы бауырларымыз.

 

Сонымен қатар ат салысып, ақшалай көмектесіп немесе өз күшімен құрылыстың жұмыстарын жүргізіп жатқан ағайын бар.

 

Олар, құрылысқа 2 млн. теңгеден салып жатқан ағайындар:

91e75153-dd9e-43d6-867a-44fafeefc5ac_edi

Баймұрзаев Әбілхасым Абусултанұлы

Кәсіпкер

 

09.03.1960 жылы Ақтөбе қаласында теміржолшы отбасында туылған.

1967 - 1975.ж Қызылорда теміржолшылар нөмірі 4-ші мектеп интернатында оқыған.

1975 - 1978 ж Қызылорда Ауылшаруашылық   Техникумында оқыған.

1978 жылы Қызылорда Вторчермет мекемесінде еңбек жолын бастады.

1978 - 1980 жылдары Совет Армиясы қатарында әскери борышын атқарды.

1981 жылдың басынан 2006 ж Кызылорда КазВторчермет мекемесінде әр түрлі қызыметте.

2006 - 2012 жылдары КазВторчермет Акционерлік қоғамының обылыстық Филиалының директоры.

2012 - 2023 жылдары ТрансСнабКонсалтинг мекемесінде директор. 2023жылдан. Зейнеткер.

f49e22e5-c078-4124-bf32-a15a2b2be98d.jpeg

Ербаев Орынбасар Абдуллаұлы

 

01.10.1974 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келді,білімім жоғары,жанұялы,5 қыздың әкесі.
Әкесі Ербаев Абдулла Ербайұлы (1949-2020жж) Ішкі істер саласының зейнеткері.
Анасы Юлдашева Рахима Жолдасқызы 1952 жылғы Вет лаборатория зейнеткері.
Әйелі Есниязова Нургуль Ахметкаримқызы, 1977 жылғы, Қызылорда қаласындағы №233 орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі.
1980-1991 жж. №70 қазақ орта мектебінде оқыдым.
1991-1993 жж. аралығында Қызылорда Ауыл-шаруашылық техникумнің «Бухгалтер-экономист» факультетін оқыдым.

1994-1999 жж. аралығында Қызылорда мемлекеттік университеті «Қорқыт Ата» атындағы «Бухгалтер-экономист» факультетің оқыды.1993-1995 жж. Ел алдындағы әскери борышын өтеді.1995-2007 жж. Қызылорда областық Ішкі істер басқармасында қызмет атқарған. 2007 жылы "Арайлым" шаруа қожалығы мал шаруашылығымен және күріш егу саласымен айналысты. 2010 жылы Шөгірлі шаруа қожалығы асыл тұқымды малдар және ЖШС Шөгірлі сүт өнімдерінің зауыты, ауыл шаруашылығымен айналысты.2013 жылы 75 балаға арналған “Ұлпан” балабақшасын ашты. Алланың қалауымен 2018 жылы халықтың пайдалануына Қызылорда қаласы Бәйтерек мөлтек ауданында "Әл-Уәли" мешіт 700 орынды салдырған. 2016 жылы Қызылорда қаласының әкімі Н.Нәлібаевтан ауыл шаруашылық бірінші дәрежелі дипломмен марапат алды. 2017 жылы Қызылорда облысының әкімі Қ.Е.Көшербаевтан бірінші дәрежелі дипломмен марапат алды. 2019 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Бас Мүфти алғыс хатымен марапат алды. 2020 жылдан бастап ЖШС ”АБС-күзет” агентігінің басшысы қызметінде. 2023 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Бас Мүфти алғыс хатымен марапат алды. 2023 жылы Қызылорда қаласы Аль-Фараби мөлтек ауданында “Хазрет Осман” 1,200 орынды мешітін салуына өз үлесін қосты.

WhatsApp Image 2025-08-09 at 21.09.25 (1).jpeg

Нұрманов Саябек Жылқайдарұлы, жеке кәсіпкер

1960 жылы 28 сәуірде Шиелі ауданына қарасты, Талаптан ауылдық советінде ( округ ) дүниеге келді. 1967-1977 жылдары  Қазақстанның 30 жылдығы атындағы  совхоздың (қазіргі Бала би ауылы) №50 Абай орта мектебінде оқыды. 1977 жылы бір жыл шаруашылыққа жұмысшы болып жұмыс жасады. 1978-1982 жылдар аралығында Шымкент педагогика институтының дене тәрбиесі факультетін ойдағыдай бітіріп, өзінің оқыған мектебінде, ауылына келіп мұғалім болып жұмыс атқарды. Ауылдың оқушыларын спортқа, дене тәрбиесіне баулыды. Өзі  спортқа өте жақын болды, Институтта жүргенде волейбол, баскетбол, футбол, күрес, стол теннисі,шахмат, дойбы спорт түрлерін жетік меңгерді. Әсіресе волейболдан мектептің қыздар командасы Облыстық жарыста 3рет жеңімпаз болып,

Республикалық жарысқа  (2 рет) қатысып қайтты. Волейбол секциясына оқушылардың қатысуының көптігі соншалық спорт залға симай жататын. Жақсы жұмыс атқарғанын аудандық білім бөліміндегілер байқаған болуы керек, 1989 жылы аудандық әдістемелік кабинетке әдіскерлікке шақырды. 

1995 жылы жеке жұмысқа кетті. 2002 жылы Нәйла Палымбетова (сол кездегі білім бөлімінің басшысы) шақыруымен . қайтып білім бөліміне жұмысқа барды. Алдымен әдіскер, 2003 жылдан 2009 жылға дейін бөлімде бас маман болып қызмет атқарды. 2009 жылдан бастап кәсіпкерлікке бет бұрды.  2019 жылы «Жомарт жүрек» номинациясы бойынша ауданда 1-орын, 2022 жылы «Жыл қамқоршысы-2022» номинациясын алдым

   Қазір отбасында 4 қыз, 1 ұл және немерелері бар. 

Шагиров Бауыржан Байарыстанұлы, жеке кәсіпкер

 

1962 жылы 1 ақпан күні Қызылорда қаласында дүниеге келді. 1970-1980 жылдар арасында Ы. Алтынсарин атындағы №10 мектепте білім алды. Мектеп оқып жүрген кезде бокспен айналысып белсенді болды.  

       1980 жылы Қызылорда совхоз техникумына механик факультетіне оқуға түсті. Сол жылы қазан айында әскери борышымды өтеуге кетіп, 6 ай Челябинск облысында әскери дайындықтан өтті. Әскери борышын 1981 жылы атқарды.

          Әскери борышын өтеу барысында Комсомол секретарі болды.  ХІХ Комсомол конференциясына қатысты. ХХ Комсомол конференциясының мүшесі болып сайланды.

           1982 жылы Қазан айында оқуын жалғастырып 1985 жылы тәмәмдап, Қызылордамонтажстрой мекемесінде слесарь қызметінен кезекті механик, өндіріс шебері қызметтерін атқарды.             .

1987 жылы Қызылорда ПСМО мелиорациясы автобазасында кезекті механик, аға диспетчер қызметтерін атқарды .

  Жұбайы Аминамен 1987 жылы желтоқсан айында отбасын құрып, қазіргі таңда 2 қыз, 1 ұл тәрбиелеп,өсіріп немерелер сүйіп отыр.  1989 жылдан бастап өз жеке кәсібін басқарып жүр. Осы қазіргі таңда әр түрлі игі іс-шаралар өткізіп, қатысып өз үлесін қосып жүр

88dc53b5-6188-4923-a4d1-24431e28be2e.jpeg

Спанов Жоламан Акбарұлы,

Қазақстанның құрметті құрылысшысы

Қызылорда  қаласының  құрметті  азаматы

 

         1956 жылы 19 ақпанда Қызылорда облысында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы.

  Жоламан Акбарұлы 1973 жылы Қызылорда қаласындағы №43 орта мектепті бітірген.

 1974 - 1979 жылдары Алматы қаласындағы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының  инженер-құрылыс  факултетінде  білім  алып,  инженер-құрылысшы мамандығын  алған.

1973  -  1974  жылдары «Су жүйесі және канализация» басқармасында слесарь;

1979 - 1987   жылдары  Қызылорда  қаласындағы  Волга  авто  заводының (ВАЗ) техникалық қызмет көрсету орталығының құрылыс  инженері;

1987 - 1988  жылдары «ҚызылордаОблГаз» өндірістік бірлестігінде бас инженері; 1988 - 1991  жылдары  Облыстық «АвтоВАЗтехобслуживание» автоорталығының бас инженері; 1991 - 1992 жылдары  «Сырдария Лада» акционерлік  қоғамының   бас инженері;

1992 - 1997 жылдары  «Сырдария Лада» акционерлік  қоғамының   президенті; 1997 - 2003 жылдары «Сертификаттау сынау орталығы» жауапкершілігі  шектеулі  серіктестігінің  директоры; 2003 – 2005 жылдары «Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі» Қызылорда облысы бойынша  департаментінің бөлім бастығы; 2005 жылдан бері «Дәнекер құрылыс компаниясы»  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестігінің  атқарушы директоры қызметін атқарып келеді. Қызмет барысында атқарған қызметіне сәйкес иеленген  марапаттаулары: 2011 жылы «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» құрмет белгісімен марапатталған; 2021 жылы «Ерен  еңбегі  үшін»   медалімен марапатталған; 2024 жылы  «Жыл  құрылысшысы»  номинациясымен  марапатталған; 2025 жылы  «Қызылорда  қаласының  құрметті  азаматы»   құрмет белгісімен марапатталған; 2025 жылы  «Қазақстан  халқы  Ассамблеясына  30 жыл» мерекелік  медалімен марапатталған.

       Қазақстан  Республикасы  Құрылыс  және  тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылық  істері  агентігінің,  Қызылорда  облысы  әкімінің,  Қызылорда  облысы  Құрылыс  басқармасының,  Қызылорда  қаласы  әкімінің,   «Дәнекер құрылыс компаниясы» жауапкершілігі  шектеулі  серіктестігінің  құрмет  грамоталарымен  және  алғыс  хаттарымен  марапатталған.  Қазақстанның  алтын  кітабына  енгізілген.

        Спанов  Жоламан  Акбарұлы,  Қызылорда  қаласы  және  Қызылорда  облысы  аудандарының  елді  мекендеріндегі  салынған  тұрғын-үйлер,  ауруханалар  мен  емханалар,  мектептер,  бала-бақшалар, мәдениет  үйлері,  спорт  кешендері  және  ауыз  су  жүйелері  құрылыстарының  жүргізілуіне  зор  үлесін  қосқан.

Изображение.JPG

Сәдібеков Серік Әбубәкірұлы, жеке кәсіпкер

 

1964жылы 27 сәуірде Бірлестік ауылында дүниеге келген. 1968 жылы Сұлутөбе станциясына қоныс аударған. 

       Әкесі Сәдібеков Әбубәкір Сәдібекұлы орман шаруашылығында механик болып жұмыс атқараған. Анасы Көптайқызы Алмаш отбасының ұйытқысы,балаларының қамқор анасы болып үй шаруасында болған.

      Серік 1971 жылы № 41 Ломонсов атындағы мектепте 8 сынып бітіргенше жақсы оқып білім алған. 1979 жылы өзі сұранып Қарауылтөбедегі 120 кәсіптік техникалық училищесінде жақсы оқып 1982 жылы мамандық алып бітіріп шығады. 1982-1984 жылдары әскери борышын Грузия мемлекетінде Тбилиси қаласында атқарады.1984 жылы желтоқсан айында борышын өтеп келгесін 2-ші жол учаскенің Сұлутөбе станциясына жұмысқа қабылданады.1984 жыл қаңтар айында Украинаның

Днепропетровск облысы Марганец қаласында машинист крановщик мамандығын өте жақсы оқып шығып желтоқсан айында жұмыс орынына оралады.1986 жылы Қызылорда политехникалық техникумына қабылданып 1989 жылы үздік бітіріп шығады.

            1992 жылдан бері кәсіпкер.Азық түлікпен қамтамасыз ету,  құрылыс саласында жемісті жұмыс жасап келеді. Бір ұл, екі қыз бала тәрбиелеп өсірді. Ұлдан үш немере, қыздарынан бес жиені бар.  Жолдасы Әлшериева Раиса мұғалімдік қызымет атқарды, қазір зейнеткер.

bc50de25-856e-4a36-857c-d7d35908c45c_edi

Жаңабергенов Болат Амангелдіұлы, кәсіпкер 

 

1963  жылы 06 наурызда  Қызылорда қаласында дүниеге келдім.

Әкесі Жаңабергенов Амангелді Әлмаханұлы (1932ж-1998ж) Қызылорда темір жолында жүргізуші болып қызмет атқарған.

Анасы Ибраева Бану Ыбрайқызы (1937ж-2016ж) Қызылорда нан зауытында жұмыс атқарған.

1970-1978 жылдары аралығында Қызылорда қаласындағы №212 қазақ орта мектебінде білім алды. 1978ж-1981ж Қызылорда қаласындағы №128 СПТУ-да оқыды.

1981 ж-1983 ж аралығында әскери борышымды Мәскеу облысындағы Белые столбы қаласында өтеді.

1983 ж-1986 ж  аралығында Қызылорда қаласында совхоз техникумында оқыды.

1986 -2004 ж аралығында Қызылорда темір жолына қарасты  НГЧ, ВОДЧ мекемелерінде дәнекерлеуші болып жұмыс атқарды.

2004 жылдан бастап ағасы Жаңабергенов Шалқар Аманкелдіұлы, інісі Жаңабергенов Мұхтар Амангелдіұлы (1965-2006 жж) үшеуі бірігіп құрған құрылыс компаниясы «Орион LTD» ЖШС-де құрылытайшысы әрі басшы орынбасары қызметінде.

Әйелім: Омарова Гулзира Сүлейменқызы Қызылорда қаласындағы №212 қазақ орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі.

Ұлым: Амангелды Ғазиз Болатұлы (1989ж-2004ж). Ұлым: Амангелды Ерлан Болатұлы 1991жылғы.Отбасылы  3 баланың әкесі.

 Қызым:  Амангелді Бақжан Болатқызы 2002жылғы. 

WhatsApp Image 2025-08-14 at 14_edited.j

Джанабергенов Асхат Шалхарович

 

14 қазан 1982 жылы Қызылорда қаласында қарапайым отбасында дүниеге келген. Үш ағайынды,екі қарындасы бар,Отбасылы 2 ұл , 3-қыз тәрбиелеп өсірген ардақты әке.

 

-2006ж бастап қазіргі уақытқа дейін «Орион LTD» ЖШС-гі компаниясының қаржы директоры.

 

-2008ж Москвадағы Халықаралық Іскер Қоғамының шешімі бойынша Халықаралық премияның лауреаты атанып «Лидер национальной экономики 2008» Дипломымен марапатталған.

 

-2012 ж Еліміздің саяси өміріне белсенді үлес қосқаны үшін Елбасының Алғыс хатымен марапатталған.

 

-2012ж Қызылорда облысының өсіп өркендеуіне қосқан үлесі үшін,облыстың 70 жылдық мерейтойына орай алғыс хатпен марапатталған.

 

-2019 ж Құрметті құрылысшы атағына ие болды.

Аймақтағы сапалы құрылыс жұмыстарын жүргізгені үшін облыс, аудан, қала әкімдернің алғыс хаттарымен марапатталған.

cebce066-5467-4a3d-b932-bb9e10503d01.jpeg

Амангелды Ерлан Болатұлы

кәсіпкер

1991  жылы 15 тамызда  Қызылорда қаласында дүниеге келді. Әкесі Жаңабергенов Болат Амангелдіұлы 1963 ж,, анам Омарова Гулзира Сүлейменқызы 1966 ж., жұбайым Шайхыбекова Аягөз Серікбекқызы 1992ж  мамандығы ағылшын пәнінің мұғалімі.

1997 жылы Қызылода қаласындағы №212 қазақ орта мектебін оқуға түсіп 2008 жылы бітірді. 2008 жылы Алматы қаласындағы Қ.И.Сатбаев атындағы университетке түсіп 2012 жылы бітіріп шықты. 2012 жылдан бастап әкесі бастаған кәсіпті жалғастырып келеді. 2016 жылы отбасын құрып, қазіргі таңда 3 баланың әкесі; қызы Болат Амина Ерланқызы 2019 ж,, қызы Болат Хадиша Ерланқызы 2021 ж,, ұлы Болат Сұлтан Ерланұлы 2023 жылғы.

0e20fb47-f315-4c56-b0f9-00e7ba45f453_edi

Шакиев Ерболат Серикбаевич,

жеке кәсіпкер

15.05.1975 жылы Қызылорда қаласында  дүниеге келді. Әкесі Шакиев Серікбай Әбілханұлы, 1939 жылғы, анасы Шакиева Үрбибі Көшмырзақызы, 1942ж.

 1982-1992 жылдар аралығында  №10 Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебін бітірді,
1992-1997оқу жылдары Қызылорда Ауылшаруашылық техникумын мал дәрігері мамандығы бойынша білім алды.

1993-1995 жылдары аралығынды Алматы қаласы «Ұлан» ұлттық гвардиясында азаматтық борышын  өтеді.

Еңбек жолын 1996 жылдан бастап мал шаруашылығымен айналысып бастады.  

Қазіргі уақытта жеке кәсіпкерлікпен айналысуда.

Отбасылық жағдайы: 1996 жылы үйлендім. Жолдасы Изатуллаева Раушан Нуруллаевна, 08.07.1976ж., ұлы Серікбай Дамир Ерболатұлы 04.04.1997ж (үйленген), келіні Есбай Диана Бекқызы, 05.07.2000ж, ұлы Серікбай Нұрбек Ерболатұлы, 07.06.2000ж., қызы Серікбай Әсемай Ерболатқызы, 02.01.2007ж., қызы Серікбай Айзере Ерболатқызы, 02.04.2012ж., немерем: Ерболат Дияр Дамирұлы, 24.12.2021ж., немере Ерболат Медина Дамирқызы, 02.12.2023ж

"Мен өз өмір жолымды үнемі жетілу мен дамуға арнаймын. Бала кезімнен жылқы малына  ерекше  қызығушылығым болды. Атқа мінуді, оны баптап-жаратуды әкем мен ауылдың үлкендерінен үйрендім. Қазақтың ұлттық ойыны көкпарды ерекше жақсы көремін.  

Қазіргі таңда Қызылорда облысы жаппай көкпар  федерациясының тәртіп кеңесінің төрағасымын."

74e7df55-48fd-4e6c-bce9-8cd50daa718e_edi

Есмағамбет Мергенбай Есмағамбет ұлы 

Жеке кәсіпкер


15.081982 ж Қызылорда қаласында дүниеге келді.
1989ж алғаш Әлия Молдағұлова атындағы орта мектеп табалдырығын аттады.
1999 жылы мектепті бітіріп, 1999- 2002 жыл аралығында аграрлық колледжде Техник -электроншик мамандығын оқыды.
2002-2006 жылдар аралығында қалалық білім бөлімінде  програмист қызметін атқарды.
2007-2011 ж аралығында Казпетролгрупп компаниясында жүргізуші қызметін атқарды.
2007 жылы отбасы құрды.
Қазіргі таңда Алланың берген 4 қызы,1ұлы бар.

2011жылдан бері жеке қызмет жасайды.

Әкесі Ерболатов Есмағамбет Байқадамұлы 18.02.1953 жылы дүниеге келген. 1993 жылы дүниеден өтті. 
Анасы Ерболатова Куляш 26.08.1954 жылы Қызылорда облысы Арал қаласында дүниеге келген. 
Облыстық көпбейінді ауруханасында аспазшы қызметін атқарып 2012 жылы зейнетке шықты. 

139fbc82-fecb-4a9a-8011-7ff95f8833ff_edi

Ербаев Еркебұлан Абдуллаұлы

25.10.1986 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келді, білімі жоғары,жанұялы

Әкесі Ербаев Абдулла Ербайұлы (1949-2020жж) Ішкі істер саласының зейнеткері.Анасы Юлдашева Рахима Жолдасқызы 1952 жылғы Вет лаборатория зейнеткері.

2005 жылы ІІМ Заң коллежін, 2007 жылы "Болашақ" университетін бітірген.

2005 жылдан қәзіргі уақытқа дейін Қызылорда облысының Ішкі Істер Департаментінде Қызмет атқарады.

fafc1ae7-58f5-45ee-a56b-44f7cda15aa2.jpeg

Баймұрзаев Мақсат Әбілхасымұлы

 

24 10 1983 ж 1990 ж 2000 ж нөмірі 222 ші мектеп оқыған 2000.ж 2004 ж Қорқыт Ата университетін Заңгер мамандығы бойынша бітірген,

Бізбен байланысыңыздар

Бізбен байланысыңыз

Сұрақтарыңыз немесе ұсыныстарыңыз болса, бізге хабарлама жіберіңіз. Сондай-ақ, электрондық поштамызға тікелей хат жолдай аласыз: of_qkb@mail.ru

120000, Қызылорда қаласы, Ақмаржан шағын ауданы, Жаппасбай батыр көшесі, 46

  • Facebook
  • Instagram
  • X
  • TikTok

 

© 2035 by www.kokmuryn-kypshak.kz. 

 

bottom of page